Бахрейнде секс-құлдыққа түскен бойжеткен әзірше отанына орала алмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 18 жастағы қыз Бахрейндегі қамқорлық орталығында жатыр. Онда ол азық-түлікпен және тұратын жермен қамтамасыз етілген.

"Оның жағдайы жақсы. Әзірше орталықта жатыр. Тергеу жұмыстары аяқталғанша ол елге оралмайды", - деді ол.
Сондай-ақ, секс-құлдыққа түскен қыздың баласы қазір әжесінің қамқорлығында екені белгілі болды. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шахтинск тұрғыны ұлын 15 жасында туған. Ұлын кәмелетке жасқа толмай босануына байланысты оның баласын қыздың анасы өз қамқорлығына алған. "Қазіргі уақытта қыздың баласы әжесімен бірге", - деп хабарлады өңірлік баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Ал секс-құлдыққа түскен қыздың анасы қандай да бір жауап беруден тартты. Ол тек Бахрейнде болған жағдайдың оны қатты шошытқанын айтты. Қыздың айтуынша, оның анасы мен ұлы Қарағандыда, ал өзі Астанада тұрып келген. Содан ол Астанадан Бахрейнге ақша табу үшін кетед3. Осылайша 18 жастағы қыз Бахрейнде жезөкшелікке тартылған.
Еске салайық, осыған дейін қарағандылық 18 жастағы қыз Бахрейнде секс-құлдыққа тап болғанын мәлімдеген болатын. Ол бұл елге сүйіктісі арқылы жұмыс тауып берем деп уәде берген құрбысымен бірге барған. Бойжеткен тілшімізге телефон арқылы құрбысының массаж жасаушы қызметін тауып беруге уәде бергенін, бірақ Бахрейнге ұшып келген соң жағдайдың басқаша болғанын айтқан. Қазақстандықтан паспортын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.