Бахрейн Корольдігі қазақстандықтарға визаны жеңіл тәртіппен беретін болды. Бүгін Ақордада Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифамен кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай келісімге қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бахрейн Корольдігі қазақстандықтарға визаны жеңіл тәртіппен беретін болды. Бүгін Ақордада Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифамен кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай келісімге қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін біз екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін қарастырдық. Король өз тарапынан нақты тапсырма да берді. Енді қазақстандықтар үшін виза бірден әуежайда берілетін болады. Бұл өте маңызды", - дейді Назарбаев. Президент атап көрсеткендей, бүгінде арабтар Қазақстанда ислам банкі жүйесін дамыту бойынша өзара ынтымақтастық байланыстарын орнатуға мүдделі. "Біз екіжақты ынтымақтастықтың нақтыбағыттарын айқындадық. Біріншіден, Манама үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Осыны ескере отырып, Қазақстан Бахрейнге ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Екіншіден, елдеріміздің арасында бірлескен инвестициялық қор құрылатын болды. Ол Қазақстанның индустриалды-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Үшіншіден, Бахрейннің алюминий өнеркәсібі саласында тәжірибесі мол. Осыған орай біз "Алба" компаниясымен бірге Қазақстанда алюминий кластерін құру жұмыстарын жүргізетін боламыз", - деді Н.Назарбаев.
Ал шейх Хамад бен Иса әл-Халифаның айтуынша, Бахрейн мемлекеті шығанақтағы басқа да араб елдерімен бірлесе отырып, Қазақстанмен еркін сауда келісіміне қол қоюға ниетті.