Баян Есентаева қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады

Баян Есентаева ?аза?станды?тарды жа?а Конституциямен ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?аза?станды? продюсер б?л туралы Instagram желісіндегі пара?шасында жазды.

Баян Есентаева қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық продюсер бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жаңа Конституциямен құттықтаймын! Соңғы түзетулер елімізге пайдасын тигізеді деп сенемін", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Баян Есентаева Мемлекет басшысының ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыру туралы ұсынысына қатысты пікірін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

"Қоғамның негізгі заңымыз - Конституцияға қатысты өзгерістерді талқылап жатқаны ешкімге де құпия емес. Мені Нұр Отан партиясының мүшесі ретінде және еліміздің азаматы ретінде жер мәселесі ерекше алаңдататын. Міне, бүгін мен жаңалықтардан Президенттің халықты қолдағанын ғана емес, сондай-ақ, оның өзінің өкілеттігін қысқартуға дейін барғанын оқып, қуанып қалдым. Мемлекет басшысы 35 өкілеттігін үкіметтегілер мен Парламентке беріп отыр. Енді біздің министрлер мен депутаттарымыздың расында да қандай рөл атқаратынын білетін боламыз! Бәрекелді, Нұрсұлтан Әбішұлы!", - деп жазған еді Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама