02 наурыз 2017 19:37

Баян Есентаева Конституцияның 26-бабына қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Баян Есентаева Мемлекет басшысының ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыру туралы ұсынысына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Баян Есентаева Мемлекет басшысының ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыру туралы ұсынысына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамның негізгі заңымыз - Конституцияға қатысты өзгерістерді талқылап жатқаны ешкімге де құпия емес. Мені Нұр Отан партиясының мүшесі ретінде және еліміздің азаматы ретінде жер мәселесі ерекше алаңдататын. Міне, бүгін мен жаңалықтардан Президенттің халықты қолдағанын ғана емес, сондай-ақ, оның өзінің өкілеттігін қысқартуға дейін барғанын оқып, қуанып қалдым. Мемлекет басшысы 35 өкілеттігін үкіметтегілер мен Парламентке беріп отыр. Енді біздің министрлер мен депутаттарымыздың расында да қандай рөл атқаратынын білетін боламыз! Бәрекелді, Нұрсұлтан Әбішұлы!", - деп жазды Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Бұл жазба бір сағаттың ішінде 19 мыңнан аса лайк жинаған.

Айта кетейік, кеше, Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынған болатын. "Жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын бастапқы редакцияда қалдыруды ұсынды", - делінген еді Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети