Баян Есентаеваның күйеуіне қандай жаза кесілуі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваның күйеуіне қандай жаза кесілуі мүмкін?

Белгілі адвокат Жангелді Сүлейманов ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша айыпталып отырған Бақытбек Есентаевқа қандай жаза кесілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі адвокат Жангелді Сүлейманов ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша айыпталып отырған Бақытбек Есентаевқа қандай жаза кесілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаушының айтуынша, бұл қылмыс "өте ауыр" дәрежеге жатады, сондықтан да мұнда тараптардың ымыраға келуі қарастырылмаған. "ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, тараптардың ымыраға келуі жеңіл және орта дәрежедегі қылмыстарда ғана қарастырылған. Бұған ең жоғарғы мерзім 5 жылдан аспайтын жаза қарастырылған қылмыстар кіреді. Ал мына жағдайда адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша айыпталып отыр. Кодекске сәйкес, бұл заңда қарастырылған қылмысқа 6-11 жыл аралығында соттау жазасы қолданылады", - деді Сүлейманов.

Сонымен қатар, адвокат істің қайта ауыстырылуы немесе тергеу барысында жаңа мәліметтердің пайда болуы мүмкін екенін айтты.

"Алдын-ала тергеу кезінде істің бабы бірнеше рет қайта ауысуы мүмкін, яғни барлығы соққының қандай болғанына, жәбірленушінің түсінігіне байланысты. Іс қайтадан 106-бап ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қаралуы мүмкін. Бұл ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде қарастырылған. Іс тергеу барысында немесе сот отырысы кезінде де басқа бапқа ауыстырылуы мүмкін. Оның мән-жайы сот-медициналық сараптамасы және куәгерлердің түсінігі мен айғақтарға байланысты анықталады", - деді Сүлейманов.

Сонымен қатар, қорғаушы жәбірленуші өзін ренжіткен адамды кешірсе немесе айыпталушы ісіне өкінетінін білдірсе, ол шартты түрде ғана сотталуы мүмкін екенін айтты. "Өкінгенін білдірсе негізгі мерзімнің жартысы ғана беріледі", - деп түсіндірді адвокат.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети