Байбек Алматыны ретке келтіруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байбек Алматыны ретке келтіруді тапсырды © Тұрар Қазанғапов

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен мегаполис аудандарындағы мәселелер жөнінде жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен мегаполис аудандарындағы мәселелер жөнінде жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандардың әкімдері қала басшысына жыл басынан бергі істелген жұмыстардың есебін берді. Мегаполис басшысы жиын барысында қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін аудан әкімдері мен құрылым бөлімшелерінің жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді.

Оның ішінде, отандық құрылымдардың жетекшілеріне қала әкімдігімен бірге аудан аймақтарындағы санитралық жағдайды нормаға келтіру бар: стихиялық сауда орындарын анықтау және жою жөніндегі іс-шараларды күшейту, рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқыстарды жою, жасыл көшеттерді отырғызу жобасын жүзеге асыру. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы әкімімен бірге пәтер иелері кооперативтерінің өзара қатынасын жақсарту, соның ішінде аула ішіндегі алаңдарды ұстау, сонымен қатар, бос жерлерді тиімді пайдалану мен қар еріткіш станциялардың құрылыстарының жобасы пысықталды.

Байбек аудан әкімдері мен қалалық қызметтің жетекшілері жылыту кезеңіне дайындықтың сапасына жауапты екендігін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети