Байбек мектептер мен ауруханаларды парақорлардан тазартпақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байбек мектептер мен ауруханаларды парақорлардан тазартпақшы "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен СҚО әкімі Ерік Сұлтанов. ©"Нұр Отан"

Мектептер мен ауруханаларды парақорлардан тазарту қажет. "Сол кезде ғана мұғалімдер мен дәрігерлердің бұрынғы беделін қайта көтере аламыз" деп есептейді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Tengrinews.kz бұл туралы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектептер мен ауруханаларды парақорлардан тазарту қажет. "Сол кезде ғана мұғалімдер мен дәрігерлердің бұрынғы беделін қайта көтере аламыз" деп есептейді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Tengrinews.kz бұл туралы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Дәрігерлер мен мұғалімдердің басым көпшілігі - ең бір қиын кезеңдерде осы салалардан қол үзбей, жұмыс істеуді жалғастыра берген жандар. Олар - еліміздің нағыз патриоттары. Біз олардың бір кездегі беделін қайта көтеруіміз қажет. Ол үшін пара алушылардан арамызды тазартуымыз керек", - деп мәлімдеді Байбек Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында.

Петропавлда үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескен кезде "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мұғалімдер мен дәрігерлерге қолайлы жағдайларды жүйелі түрде жасау (лайықты еңбекақы, жақсы еңбек жағдайлары) қажеттігін, "ұстаздардың есеп берумен емес, тәлім берумен шұғылдануына мүмкіндік беру" керектігін айтты.

"Бюрократия, қағазбастылық, әуре-сарсаң бар жерде жемқорлық әрекеттерге жағдай туады", - деді ол.

Байбектің айтуынша, "Нұр Отан" партиясы мүшелерінің жалпы санының 20 %-ы білім беру, 11 %-ы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен тұрады. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети