Байбек Универсиада кезінде Алматыға кіруге шектеу қойылатыны туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байбек Универсиада кезінде Алматыға кіруге шектеу қойылатыны туралы айтты © voxpopuli

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Универсиада кезінде қалаға кіретін жолдарда шектеу қойылатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Универсиада кезінде қалаға кіретін жолдарда шектеу қойылатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барлық құқық қорғау органдары мен қызметтер әлеуметтік шиеленістердің алдын алу үшін тиімді әрекеттестік жасап, мониторинг жасап отырады. Алматы облысымен бірлесе отырып қалаға техникалық, санитарлық және экологиялық нормаға сай емес көліктерге шектеу қою бойынша шаралар жүргізіледі", - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, 29 қаңтар мен 8 ақпанда, яғни екі күнде 9 ірі базар жабық болады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қала қонақтарының қолайлы жағдай жасау үшін оқушыларға қосымша демалыс беріледі. Бұл қала көшелеріндегі көліктер қозғалысының 30 пайызын алады. Сонымен қатар, бұл шара арқылы ата-аналар балаларымен студенттік спорттық ойындарды және түрлі мәдени шараларды тамашалай алады.

Әкімнің айтуынша, Универсиада ойындарына арналған барлық 7 ғимаратта коммуналдық қызметтер кезекшілікте болады. "Ауа райының қолайсыз болған жағдайында әрекет ету жоспары жасалған. 53 бригада, 200 техника мен 375 қызметкер тәулік бойы күзетте болады. Резервті электр қуаты жасақталды. 20 қаңтардан 10 ақпанға дейін жоспарланған жер шаруашылығына байланысты жұмыстар тоқтатылады. Жалпы алғанда барлық қызмет Универсиаданы өткізуге күш салуға жұмылдырылған", - деп қорытындылады әкім өз сөзін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети