"Байқоңыр" ғарыш айлағынан әскери жер серігі бар "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан әскери жер серігі бар "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды © РИА Новости

Бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы мен әскери жер серігі ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы мен әскери жер серігі ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 17 тамызда сағат Астана уақыты бойынша сағат 04.07-де "Байқоңыр" ғарыш айлағынан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің "Протон-М" зымыран тасығышы мен әскер жер серігі ұшырылды. Барлығы штаттық режимде өтті", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран тасығышты ұшыру кезінде қауіпсіздік шараларын жерүсті автоматтандырылған басқару кешені бақылады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық және ресейлік мамандардың зымыран тасығыштарды ұшыру кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтетіні айтылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети