"Байқоңырдағы" апат: Қазақстанның Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Байқоңырдағы" апат: Қазақстанның Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі пікір білдірді © РИА Новости

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері "Байқоңырдағы" апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері "Байқоңырдағы" апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. 

"Ғарышкерлер аман-есен, денсаулықтарына зиян келмегендіктен, олар біздің көмегімізге мұқтаж емес. Оларға Ресей ТЖМ тікұшақтары ұшып шықты. Олар өздері алып кетеді", - деді Нұрахметов. 

"Егер көмек қажет болса, біз көмектесеміз, алайда зымыран біздікі емес, Ресей Федерациясына тиесілі, біз оларға қандай көмек қажетін сұрадық. Олар көмектің қажет емесін айтты. Өздері оқиға орнына ұшып шықты", - дейді ол. 

"Дәрігерлер Алексей Овчининнен де, Ник Хейгтенден жарақат іздерін таппады", - деп жазады РИА Новости Байқоңырдағы дереккөзінің сөзіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. "Союз МС-10" бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. Іздеу және құтқару шарасына төрт тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақ бортында құтқарушылар мен дәрігерлер бар.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети