Байқоңырлық прокурор қыздармен отырыста болғанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байқоңырлық прокурор қыздармен отырыста болғанын растады Азамат Баянбайұлы. видеодан үзінді және kzl.prokuror.gov.kz сайтынан үзінді

Байқоңыр прокуроры Азамат Баянбайұлы түскен видеодан кейін қызметтік тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байқоңыр прокуроры Азамат Баянбайұлы түскен видеодан кейін қызметтік тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов басталған тексеріс туралы айтып берді. Оның айтуынша, Азамат Баянбайұлы отырыста отырған жерінде түсірілген видеода өзі екенін растаған. 

"Бұл соның өзі. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Ол осы отырыста болғанын жоққа шығармайды. Шынында да, оны туған күнге шақырған. Ол сонда барып, құттықтап, 15 минуттан кейін кетіп қалған. Қызметтік тексеріс барысында оқиғаның мән-жайы анықталады және тиісті баға беріледі. Әзірше (прокурор Азамат Баянбайұлы - түсіндірме) жұмыс істеп жатыр", - деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов

Осыған дейін әлеуметтік желіде Байқоңырдағы ІІМ өкілдігінің басшысы Бақытжан Құрақбаев және Байқоңыр прокуроры Азамат Баянбайұлы жайылған дастарқан басында қыздармен отырғаны түсірілген видео жарияланған еді. Видеода үстелде бірнеше спирттік ішімдіктің тұрғанын байқауға болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети