02 шілде 2024 15:00

БАҚ Ақтау әкімін "отставкаға жіберді"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Улугбек Тналиев. Фото:gov.kz Улугбек Тналиев. Фото:gov.kz

БАҚ Ақтау әкімін отставкаға "жіберді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымының Telegram-дағы хабарламасына сілтеме жасап. Өңірде қала әкімінің қызметінен кету ықтималдығы талқыланып жатыр.


БАҚ Ақтау әкімін отставкаға "жіберді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымының Telegram-дағы хабарламасына сілтеме жасап. Өңірде қала әкімінің қызметінен кету ықтималдығы талқыланып жатыр.

Басылым авторлары мәліметінше, екі тәуелсіз дереккөз ақпараты бойынша, Ақтау әкімі Ұлықбек Тналиев таяу уақытта қызметінен кетуі мүмкін екен-міс. Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ, бірақ жергілікті БАҚ пен пабликтерде қызу талқыланып жатыр.

Айта кетейік, Ұлықбек Тналиев Ақтау әкімі болып 2023 жылдың 20 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Ол бұл қызметте Ербол Ізбергеновті алмастырды. Ол кезде облыс басшылығында Нұрлан Ноғаев болған.

"Бір қызығы, 17 мамырда қызметіне кіріскен Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбай бірден Ақтаудың бұрынғы әкімі Ербол Ізбергеновті өзінің бірінші орынбасары етіп тағайындады. Бұл тағайындау да аймақ басшылығындағы болашақ өзгерістерге қатысты бірқатар сұрақтар мен жорамалды тудырады", - делінген Lada.kz-тің Telegram-дағы жазбасында.

Басылым мәліметінше, Тналиевтің қала әкімі қызметінен кетуі мүмкін себептер арасында "Нұрдәулет Қилыбаймен Ақтауды дамытуға қатысты келіспеушіліктердің болуы" болжамы да бар.

"Дереккөздер қала құрылысы мен қаланың стратегиялық дамуының негізгі аспектілері туралы көзқарастары айтарлықтай ерекшеленетінін айтады. Қала тұрғындарымен кездесуде Ұлықбек Тналиевтің болмауын ықтимал отставканың расталуына жанама себеп деп атауға болады. Оның орнына қала әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали сөз сөйледі. Тналиевтің кетуі туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ", - делінген хабарламада жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 475.41   490.7   5.39 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети