Жыл өткен сайын медиа саласы түрленіп, тұтынушыларға жаңа формалар мен форматта ақпараттар ұсынып келеді. Бұған себеп - технологияның дамуы, мамандардың бұрынғы шеңберден шыға аулы. Бұдан бөлек, журналистердің шеберлігін шыңдайтын түрлі деңгейдегі баспасөз турлары да оң септігін тигізуде.
Жыл өткен сайын медиа саласы түрленіп, тұтынушыларға жаңа формалар мен форматта ақпараттар ұсынып келеді. Бұған себеп - технологияның дамуы, мамандардың бұрынғы шеңберден шыға аулы. Бұдан бөлек, журналистердің шеберлігін шыңдайтын түрлі деңгейдегі баспасөз турлары да оң септігін тигізуде.
Тараз төрінде өткен баспасөз турының мақсаты осыған саяды. Облыс орталығындағы "Бақытты болашақ" оқушылар сарайынан бастау алған шара екі күнге созылды. Тілшілер қауымы бұл күндері өздеріне қажетті тың ақпараттармен қанықты. Нақты айтқанда, болашақта жазар мақалаларына азық жинады. Мәселен, бүгінгі таңда оқушылар сарайында 90 үйірме бар. Мұнда оқушылардың 5-6 жыл ілім алуына жағдай жасалған. Көптеген оқушылар осындағы үйірмелерге қатысып, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда бақ сынап жүр.
Тілшілер қауымы бас сұққан келесі нысан Тараз сервис және технология колледжі. Оқу ордасындағы 79 педагогтан 853 студент тәлім алуда. Мұнда жастарға 7 мамандық бойынша білім беріледі. Ал дуалды оқыту бойынша 4 мамандықта 340 студент қамтылса, 79 кәсіпорынмен келісімшартқа қол қойылған. Баспасөз турының алғашқы күні мамандандырылған "Дарын" лицей интернатында түйінделді. 2001 жылы ашылған лецей интернатта жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша білім берілуде. Білім ошағындағы 17 сыныпта 352 оқушы білім алса, оларға 69 педагог қызмет етеді. Жалпы, мекемеде 39 оқу сыныбы, 130 орындық асхана, спорт зал, 100 орындық мәжіліс залы мен кітапхана, 7 жаңа модификациялы оқу сыныптары, 2 компьютерлік сынып, 1 робототехника кабинеті және 4 лаборатория, 1 "stem" кабинет бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!