БАҚ Парижде терактілерді ұйымдастырды делінген адамның есімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ Парижде терактілерді ұйымдастырды делінген адамның есімін жариялады © REUTERS

Францияның ақпарат құралдары Парижде теракт ұйымдастырды делінген адамның есімін жариялады, - деп хабарлайды RTL.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияның ақпарат құралдары Парижде теракт ұйымдастырды делінген адамның есімін жариялады, - деп хабарлайды RTL.

Радиостанция 13 қарашада Париждегі терактілерді 27 жастағы сириялық радикал Абдельхамид Абауд ұйымдастырғанын хабарлады. Ол Сириядағы ДАИШ ұйымының белді мүшелерінің бірі.

Дегенмен радиостанция бұл ақпаратты нақты қайдан алғанын хабарламады. Сонымен қатар, Абаудтың лаңкестермен тікелей байланыста болғаны белгілі болды. Ол бұған дейін Грекияда іздеу салынған лаңкестердің қатарында болған. Кей дереккөздерге сүйенсек, ол ұсталған.

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети