БАҚ-та Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған қастандық ісі бойынша айыпталушы Ернар Жиембайдың түрі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
20 тамызда Шымкентте резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты. Үкім жарияланғаннан кейін сотталушы онымен келіспейтінін мәлімдеді. Айта кетейік, сот отырыстары кезінде Жиембай өзін көрсетпеуді талап еткен, алайда үкім жарияланған соң өзі журналистерге камераға пікір берді.
"Үкіммен келіспеймін. Менде өлтіру ниеті болмаған. Бейнежазбадан өздеріңіз көрдіңіздер, егер өлтіргім келсе, ол орнынан тұрмас еді. Мейлі ол 9 жыл болсын, бірақ әділ бап бойынша болсын. Өйткені бұл іс аяқталған қылмыс: ауыр зиян келтірілді, бірақ биологиялық өлім болмады", – деді сотталушы Жиембай журналистерге.
Айта кетейік, Жиембай орташа қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот сотталушыны жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (2025 жылы – 117 960 теңге) төлеуге міндеттеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!