Бақсы мен көріпкел қызметіне жүгінгендер де жазалануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақсы мен көріпкел қызметіне жүгінгендер де жазалануы мүмкін Фото:depositphotos.com

Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі елдегі бақсылық пен көріпкелдікпен күресудің жаңа тәсілін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі елдегі бақсылық пен көріпкелдікпен күресудің жаңа тәсілін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді Ішкі істер министрлігі бақсылар мен көріпкелдердің өздерін жауапқа тартумен қатар оларға жүгінгендерге да шара қолданады.

"Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде көріпкелдер мен бақсыларға жүгінгендер олардың қызметтеріне ақы төлеп, сол қызметті дамытатыны анықталды", - деп хабарлайды ІІМ.

Ведомство мәліметінше, кейінгі бір айда мұндай дерекпен 150-ден астам адам министрлікте тіркеліп, оларға қатысты заң аясында шара қолданылып жатыр.

"Бұл қызметке жүгінген барлық тұлға Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына шақырылып, оларға қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, олардың деректері мен фотосуреттері департаменттің дерекқорына енгізіледі", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, Тәжікстанда бақсылық үшін әкімшілік жауапкершілік 2008 жылы енгізілді, ал 2015 жылдан бастап сиқырлы рәсімдерді орындағаны үшін қылмыстық жаза - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети