08 қазан 2018 | 21:14

Бақыт Сұлтанов Астана активімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Бүгін Астанада Бақыт Сұлтанов қала активімен бірге ҚР Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астанада Бақыт Сұлтанов қала активімен бірге ҚР Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, қазіргі Жолдаудың маңызы мен құжаттың мазмұны, әзірленген және салыстыра тексерілген бағдарламалық құжаттар - "Қазақстан - 2050" стратегиясы, "Нұрлы жол" және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының логикалық жалғасы бола білді.

"Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасы, қоғам дамуын жақсарту бойынша жасалатын шаралардың ауқымын теңдесі жоқ етіп көрсетті. Әрбір пункт Қазақстанның қарқынды дамуы үшін іргетасы болып қаланды, оның іске асырылуы бізге әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы айтқан міндет 11 қыркүйекте қала активімен болған кездесуде айтылған мақсаттармен тығыз байланысты. Сондай-ақ қаланы дамытудың жаңа үлгісін енгізу мен жайлы орта жасау үшін инновацияны ілгерілетіп, креативті адамдар санын өсіру", - деді Сұлтанов.

Кездесуде қатысушылар Президенттің жаңа құжатындағы барлық салаға қатыстыны талқылады. Оның ішінде "7-20-25" ауқымды бағдарламасын іске асыру бойынша баспана мәселесі айтылды, оның аясында Бақыт Сұлтановтың айтуынша таяу бес жылда 100 мыңнан астам азамат баспанаға қол жеткізе алады.

Қала активі сонымен қатар астанадағы бизнес климат мәселесін де қозғай кетті. Іске асырылып жатқан жобалар туралы "Даму" кәсіпкерлерді дамыту қорының астанадағы филиалының директоры баяндады. Ал денсаулық сақтау және білім саласындағы қызмет көрсетудің сапасын елордалық мектеп пен бала бақша меңгерушілері айтты.

Астана әкімі әрбір саланың іске асырылуы маңызды екеніне тоқталды. Әсіресе, денсаулық сақтау объектілері сияқты мекемелерді қолжетімді түрде қамтамасыз етуді тапсырды және де аулаларды және ішкі кварталдардың территориясын абаттандыруды да пысықтады.

Еске салайық, Қазақстан халқына Жолдауын Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазан күні жария етті. Онда негізгі тақырыптар қазақстандықтардың тұрғын үй, білім, денсаулық, шағын және орта бизнеске (ШОБ) көмектесу мәселелерін шешу болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети