Қала әкімі кей азық-түлік өнімдерінің жоғары бағаларына экономикалық талдау және айқын негіздеуді қамтамасыз етуді және олардың бағасын төмендетуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты өкілдері.
Қала әкімі кей азық-түлік өнімдерінің жоғары бағаларына экономикалық талдау және айқын негіздеуді қамтамасыз етуді және олардың бағасын төмендетуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты өкілдері.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Астана әкімдігінде кезекті отырыс өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары.
"Біздің тарапымыздан бағаның өсуіне жол берілмейтін бекітілген азық-түлік тізімінде тек 19 позиция бар. Оның ішінде көкөністерден тек қана картоп, қырыққабат, сәбіз және пияз бар. Халық үшін қажетті жемістер, қызанақ, қияр және басқа да көкөністер жоқ. Жалпы айтқанда, бұл тауарлардың бағасын ешкім реттемейді", - деді Астана әкімі.
Ол 1 келі қызанақ немесе қияр бағасының 800-ден 1000 теңгеге дейін немесе одан да жоғары тұратынын тілге тиек етті.
"Аз қамтылған отбасылардың ешқайсысы оны сатып ала алмайды", - деді Сұлтанов.
Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, ақпан айында Астанада инфляция қаңтар айының деңгейінде қалған. Ол 100,8 пайыз (республика бойынша 7 орын), ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар индексі өткен аптада 101,2 пайыз (республика бойынша 0,6 пайыз) болды.
"Дер кезінде қабылданған шаралар бойынша айналым қаражатын толықтыру шеңберінде сауда желілеріне жеңілдікті кредит беру арқылы қаржыландыру әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 2017 жылы 15 санатын, 2018 жылы 22 санатына бағаны төмендетуге және тұрақты ұстауға мүмкіндік берді. 2018 жылы инфляцияны төмендетуге мүмкіндік берді. Тұрақтандыру қоры құрылған. Бүгін онда қант, күріш, қарақұмық, картоп және сәбіз бар. Осы тауар түрлеріне баға 15 пайызға көтерілгенде қаладағы сауда объектілерінде тауар интервенциялары өткізіледі", - деді Бектұрова.
Оның сөзінше, сауда үйлерін кредиттеу арқылы бағаны тұрақтандыру өз нәтижесін берген. Қазірдің өзінде жобаға "Магнум", "Шайыр", "Метро", "Кеңмарт" сауда желілері, "Сапар" базары, "АстанаЭкостандарт" ЖШС, "Агрокапитал" ЖШС және басқалар қатысуға дайын.
Сонымен қатар, Бектұрова "Шапағат" базарын жекешелендірілуіне байланысты "АҚ Астана" ӘКК-ға базардың жаңа меншік иелері тарапынан тендерлік шарттардың сақталуын ерекше бақылауды ұсынды.
Сонымен қатар, қала әкімнің айтуынша бүгін Қазақстанның көптеген өңірлерінде нан бағасы көтерілген. Басты себеп - ұнның тапшылығы. Қала әкімі бұдан бұрын қала әкімінің орынбасары Малика Бектұроваға "Астана" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының механизмдері арқылы елорданың наубайханаларына ұнды жеткізуді тапсырған болатын.
Өз кезегінде Малика Бектұрова, өткен аптада премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктеріне нанның қымбаттауын болдырмау үшін тиісті ұсыныстар енгізу бойынша тапсырма бергендігін жеткізді.
"Біз өз тарапымыздан ұсыныс енгіздік. Қазіргі кезде Азық-түлік корпорациясы арқылы мәселені шешіп жатырмыз. Бұл мәселе апта соңына дейін шешіледі", - деді Бектұрова.
Қала әкімі, сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қызметі азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағыттауды тапсырғандығын еске салды.
Осы мақсатта 1 қаңтардан бастап коммуналдық қызметтер тарифтері, бірқатар әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылды, халықтың әл-ауқатын көтеру шаралары жүзеге асырылып жатыр. "Нұр Отан" партиясының съезінде Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарының кірістерін арттыру бойынша тапсырма берген.
Осыған байланысты Бақыт Сұлтанов өз орынбасары Малика Бектұрова мен Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыровқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге, тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді және олардың маусымдық өсіміне жол бермеу, әсіресе мереке күндері бағаның көтерілуін болдырмауды тапсырды.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кірмейтін азық-түлік өнімдерінің жоғары бағаларына экономикалық талдау және айқын негіздеуді қамтамасыз етіңіз және олардың бағасын төмендетуге қатысты нақты ұсыныстар енгізіңіз", - деді Сұлтанов.