03 мамыр 2019 | 17:19

Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы ауданының көпбалалы аналарымен кездесті. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы ауданының көпбалалы аналарымен кездесті. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй алу, әмбебап білім беру аясында көмек көрсету, көпбалалы аналардың іскерлік бастамаларына қолдау көрсету және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға шығармашылық байқаулар мен спорт жарыстарына қатысу үшін қаржылық қолдау көрсету мәселелері көтерілді.

Кездесуге қатысушылардың бірі, "Алтын алқа" иесі көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларға қаржылай көмек көрсету мүмкіндігін сұрады.

Менің жолдасым - қазақ, мен - украинмын. Біз тоғыз баланы қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп отырмыз. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің негізінде адал, иманды, білімді Қазақстан азаматтарын тәрбиелеуге тырысамыз. Біздің балалар шығармашылықпен айналысады және белгілі жетістіктерге де жетуде. Біздің отбасымызда ұлттық және халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі жеңімпаздар бар. Осыған байланысты менде мынадай сұрақ туындайды: біздің балаларымыздың жол сапарларын төлеуге мемлекеттен қаржылай көмек алу мүмкін бе? Отбасылық бюджеттен әрқашан осындай қаржы бөле беру қиын", - деді көпбалалы ана қала әкіміне.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, талантты балаларды қолдауға әкімдік демеушілерді тартады.

"Көпбалалы аналарға көмектесетін бірнеше қор құрылды. Сіздің сұранысыңызды қарастырамыз", - деді әкім.

Тағы бір көпбалалы ана бизнес-бастамаларды жүзеге асыру кезінде мемлекет тарапынан қандай қолдаудың барын сұрады.

"Мен жұмыспен қамту орталығының көмегімен тігіншілік курстарынан өттім. Мен шағын тігін шеберханасын ашқым келеді. Мен бизнес дағдыларын дамыту үшін Эмин Аскерованың әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша оқыдым. Мен "Астана" ӘКК-не хабарластым, олар "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы бойынша дүңгіршекті ашу үшін 3 миллион теңгенің керек екендігін айтты. Егер менде мұндай ақша болса, онда мен шеберхананы өзім-ақ ашпаймын ба?! Көпбалалы аналар бизнес бастамаларына қандай қолдау көрсете аласыздар? Көптеген адамдар "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасына қатысқысы келеді. Әсіресе, әртүрлі аурулары бар балаларды тәрбиелейтін әйелдерге ыңғайлы болар еді", - деді елордалық тұрғын.

"Біз сіздің өтінішіңізді ескереміз", - деді Бахыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, көпбалалы аналар екі пайызды жеңілдікпен ипотекалық несиенің қашан беріле бастайдығына, кейбір жағдайларда АӘК-тің не себепті берілмейтіндігіне, балаларды қолдауға, балаларға берілетін жәрдемақы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы пәтерді алу үшін не себепті ескерілмейтіндігіне қатысты сұрақтарды қойды.

Жиналыс барысында көтерілген сұрақтардың барлығына түсініктемелер берілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети