13 желтоқсан 2021 | 17:54

Бақытгүл Хаменованың ұсталуы: Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын ба?

Дина Шарипханова Корреспондент
Махамбет Досмұхамбетов/Бақытгүл Хаменова

Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімі бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

"Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген орынбасарларының бірі сот үкімі бойынша кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген", - деді әкімдік өкілі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная