11 желтоқсан 2021 13:56

Антикор Атырау облысы әкімі орынбасары ұсталғанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: parlam.kz Фото: parlam.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Олар Атырау қаласында 145 миллион теңге сомасына Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін ЖШС басшысынан алдын ала сөз байласу арқылы 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Атырау ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деді ведмство өкілдері.

Бұған дейін "Ақ Жайық" басылымы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайын анықтаған болатын.

10 желтоқсанда шенеунік жауап алынғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.

Басылым мәліметінше, Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай Құнанбаев ескерткішін орнатуға Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алған. Кейін Рысқалиев кінәсін мойындаған, ал Хаменова ұсталып, жауап алынғаннан кейін УҰИ-ға қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети