25 желтоқсан 2021 18:09

Атырау облысының әкімі орынбасарларын неге ауыстырмағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: azh.kz Фото: azh.kz

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікке ілініп отырған орынбасарларын неге ауыстырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 


Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікке ілініп отырған орынбасарларын неге ауыстырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

24 желтоқсанда облыс әкімі жергілікті БАҚ журналистерімен кездесу өткізді. Аймақ басшысына орынбасарларының міндетін кім атқаратыны туралы сұрақ қойылды, өйткені Қайрат Нұрлыбаев пен Бақытгүл Хаменова тергеуде, ал Нұрлан Таубаев бойынша сот жүріп жатыр.

"Таубаевтың кінәсі сотта әлі дәлелденген жоқ. Бірақ сот процесі ұзаққа созылатындықтан, ол оның болмауы әкімдік жұмысына теріс әсер ететінін түсініп, өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Нұрлыбаевтың ісі сотқа берілді, процесс енді басталып жатыр. Бірақ ол жұмыс орнында. Хаменова бойынша да тергеу жүріп жатыр, оның аяқталуын күту керек. Әзірге оның міндеттері менің басқа орынбасарларым арасында бөлінген: денсаулық сақтауды Қайрат Бекенов, білім беруді - бірінші орынбасар Серік Айдарбеков, басқа бағыттарды - Нариман Таушов басқарады. Әзірге орынбасарларым кінәлі деп танылған жоқ, сондықтан оларды ауыстыру туралы айтуға әлі ерте", - деді Досмұхамбетов.

Еске салайық, бұған дейін Хаменова мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Атырауда Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін ЖШС басшысынан 145 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын. Шенеунік алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейінірек сот оны үйқамаққа жіберді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети