02 мамыр 2024 | 11:40

Бақытжан Байжановқа тағылған айыптаудың бірі алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыптардың бірі бойынша ресми түрде ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыптардың бірі бойынша ресми түрде ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгерту туралы прокурордың өтініші бойынша қаулыны жария етті.

"Байжановқа 9 қарашада Bau мейрамханасына келіп, VIP-залға кіріп, Нүкенова қозғалмай жатқанын, өмір белгілерін көрсетпегенін, оның өліміне Бишімбаевтың қасақана себепкер болғанын біле тұра, құқық қорғау органдарына сенімді түрде белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны туралы айып тағылған. Негізгі сот процесінде айыптаушы тарап бұл бөлік бойынша айыптаудан бас тартты. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 337-бабына сәйкес сот осы іс бойынша Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша - "Белгілі қылмыс туралы хабарламау" бойынша іс жүргізуді мемлекеттік айыптаудан бас тартуға байланысты тоқтатуға қаулы етті", - деп судья шешімді жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети