Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді, онда инвестициялар тарту мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Rothschild & Co - Ротшильдтер әулетіне тиісті, екі жүз жылдық тарихы бар халықаралық тәуелсіз қаржы-консультациялық фирмасы. Фирманың төрт бөлімшесі бар: жаһандық қаржылық кеңес беру, акционерлік капиталға тікелей инвестициялар, ауқатты клиенттердің активтерін басқару және институционалдық инвесторлардың активтерін басқару.
Фирма 2010 жылдан бастап 419-дан астам мәміле жасаған, олардың жалпы құны $478 млрд құраған. Акционерлік капиталмен мәміле бойынша "Ротшильд" мамандары компанияның Лондондағы, Париждегі, Миландағы, Нью-Йорктегі, Гонконг және Сиднейдегі бөлімшелерінде бар. әРотшильдә ТМД аумағында 1994 жылдан бері Ресейде қызмет істейді. Қазақстанда компанияның белсенді жұмысы 2006 жылдан басталған.