Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды Бақытжан Сағынтаев, Нұрсұлтан Назарбаев пен Кәрім Мәсімов

Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған. Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Еске салайық, кеше, 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал ҰҚК бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Назарбаевтың айтуынша, министрлер кабинетінің отставкасынан кейін заң бойынша үкімет отставкаға кетеді. Сонымен қатар, үкіметтің қазіргі құрамы үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенше өз міндеттерін атқаратыны айтылды. Кейін елбасы жаңа үкімет құрамында айтарлықтай өзгерістердің болмайтынын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети