Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада. 

2019 жылдың 24 наурызынан бастап ол әкімшілік басшысы болып қызмет атқарды. Бұрын Сағынтаев мемлекеттік хатшы және премьер-министр қызметін атқарған еді.

Одан бөлек, Бақытжан Сағынтаев өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі болып қызмет істеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.6  course down  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети