19 ақпан 2020 13:40

Бақытжан Сағынтаев неге жаны ауыратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі тұрғындардың неге қабылдауына кіре алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімі тұрғындардың неге қабылдауына кіре алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Халық алдындағы есеп беру кездесуінде Алматы тұрғыны Бақытжан Сағынтаевқа бірнеше рет жеке қабылдауына кіре алмағанын айтып шағымданды. 

"Менің қабылдауыма кіре алмадық деп айтқан кезде мен де таңғаламын. Әрқашан халықпен кездесіп жүремін, бірақ сонда да маған осы сұрақ қойылады. Қабылдауға кіретіндерді қалай бөлетінін Instagram желісінен көре аласыздар. Қарапайым халық менің қабылдауыма кіріп жүр", - деді әкім. 

Бақытжан Сағынтаев басқармаларының біріне осы мәселені шешуді тапсырды. 

"Бәрі ашық болуы үшін, мұндай әңгімені енді естімеуім үшін Цифрландыру басқармасына тапсырма бердім. Мұны электронды түрде жасауға болады. Мысалы, балабақша кезегі секілді, сондай платформа жасаймыз. Сол жақта кім және қашан менің қабылдауыма жазылғанын көруге болады. Бұл сұрақтың сәт сайын қойылатыны жанымды ауыртады. Адамдарды қалай бөлетіндерін білмеймін. Мен ашықпын", - деді Сағынтаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети