12 қазан 2020 14:49

"Бала атылып өлді". Алматылық мектеп қисынсыз тапсырма үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматылық мұғалім 5-сынып оқушыларына балалар суицидінің элементтері бар тапсырма берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық мұғалім 5-сынып оқушыларына балалар суицидінің элементтері бар тапсырма берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қисынсыз тапсырманы Facebook желісінің пайдаланушысы Қанат Садықов байқап, мектеп кітабынан үзінді жариялады.

Бөлімде жиынтық бағалау аясында мына тапсырма берілген:

"Анасы бірде ұлына ренжіп қалады және ашуланып мынадай сөздер айтады:

Егер сені көрмесем, бақытты болар едім!

Бала мұндай сөздерді күтпегені сонша, тапаншаны алып, өзін атылып өлді.

Содан соң анасы әр кеште ошақ басында көз жасын төгеді. Бір күні таңертең ол да өліп қалады: қайғыдан қан жұтады".

Кейбір дерекке сүйенсек, басқа қаланың оқушыларына да осындай мәтіндегі тапсырмалар беріледі екен.

Алматы қаласының Білім басқармасындағылар жағдайдан хабардар екенін айтты. Ведомствоның мәліметінше, мұндай қате тапсырма оқушыларға 8 қазанда берілген.

"Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 5 "б" сынып оқушылары үшін "Мәдениет: тіл және қатынас" бөлімі бойынша БЖБ тапсырмасын қате әзірлеген. Оған "Ақылсыз сөз және жақсы сөз" нақылы қосылған. Мұны мұғалім интернеттен алған. Салдарынан мектеп әкімшілігі оқушыларға берілген БЖБ тапсырмасын орындауды тоқтатты және ата-аналар мен оқушылардан кешірім сұрады. Бұл мәселе Білім басқармасының бақылауында", - деді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети