21 тамыз 2020 | 20:46

Бала білім алғысы келмесе не істеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология докторы, эмоционалдық интеллект дамуы жөніндегі сарапшы Виктория Шиманская баланы оқу процесіне деген ынтасын ашу туралы айтты. Сондай-ақ ол ата-аналар мен ұстаздарға арналған тәжірибелік кеңестерін бөлісті. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология докторы, эмоционалдық интеллект дамуы жөніндегі сарапшы Виктория Шиманская баланы оқу процесіне деген ынтасын ашу туралы айтты. Сондай-ақ ол ата-аналар мен ұстаздарға арналған тәжірибелік кеңестерін бөлісті. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы.

Виктория Шиманскаяның сөзінше, балаларда қалыпты форматта оқу форматына деген сұраныс төмендеп барады.

"Бұрындары педагог бүкіл сыныптың, тақтаның алдында тұрып, сөйлей бастаған кезде, балалар оны автоматты түрде тыңдауы керек болған. Қазір жағдай олай емес. Қазір педагогке ол педагог деген фактіге бола мәртебе берілмейді. Енді ол мәртебеге қол жеткізуі керек. Балалардың критикалық ойлауы өте жақсы дамыған, айтпақшы бұл жақсы жаңалық, бірақ ол педагогтер үшін қиын", - дейді сарапшы. 

Көптеген ата-анада "егер бала жақсы оқыса, болашағы жарқын болады" деген стереотип қалыптасқан. Бірақ көбіне олай бола бермейді. 

Виктория Шиманская заманауи балаларға ата-ана тьютор бола білуі керегін айтады. 

"Физиканы түсіндіру, 7 не 8-сынып, маңызды емес, ол кез келген ата-анаға берілмейтін қасиет. Кез келген ата-ана, әр педагог, қандай пәннің мұғалімі екеніне қарамастан, мейлі ол математика, биология немесе басқа бағыт болса да тьютор бола алады", - дейді маман. 

Тьютор деген кім?

Тьютор бағаға мән бермейді. Ол баланың даралығы мен дарынына мән береді. 

Балаға не қызық екенін түсіну де маңызды. 

"Ол тек философиялық сәт, көбіне тәжірибеге мән беретін кез. Жағдайды схема арқылы, логикасын түсіндірe маңызды балалар бар, ол тек математикаға қатысты емес, сондай-ақ әдебиетте де. Метафора арқылы түсіндіруді талап ететіндер бар, олар бұл өмірді басқаша қабылдайды", - дейді ол. 

Соның барлығы баланың білім беру контентін қабылдауы үшін даралық қабілетін қалыптастырады. 

"Егер қызығушылық, баланың дарыны туралы сұрақтарға жауап берсек, ол білім беру контентін, жалпы шындықты оның жылдамдығы, ақпаратты қабылдау жолы тұрғысында қалай қабылдайтынын түсінетін болсақ, бала үшін білім беру процесі шын мәнінде қызық болады. Ол шын мәнінде бала үшін даму көзі мен өмірді тану құралы болып саналады", - дейді маман.

Баланың ынтасын қалай арттыру керек?

Өзіңіздің егізіңізді кездестіргеніңізді елестетіп, "Екеуіміз не істейміз?" деген сұрақ қойыңыз. Жауап іздеу барысында сіз немен айналысқыңыз келетінін түсінесіз. 

"Баланы не қызықтыратынын, оған не қызық екенін, немен айналысқысы келетінін түсінесіз. Соған мән беруге болады", - дейді спикер.

"Білім беру контенті компьютер ойындарымен, өмірді танумен, ақпараттың көптігімен бәсекелес. Егер біз оны бәсекелестік ретінде қарастырсақ, жеңіліп қаламыз. Ата-аналар мен педагогтер заманауи құралдарды көмекші ретінде қолданғаны маңызды", - дейді маман. 

Виктория Шиманская ата-аналар мен педагогтерге баланың жасына сай, оған таныс кейіпкерлер, жобалар немесе компанияны қатыстыру арқылы актуал тапсырмалар беруді ұсынды. 

"Шынайы өмірмен байланыс пайда болған кезде баланың қызығушылығы оянады", - дейді спикер. 

Тағы бір әдіс - жеке амал қолдану, яғни екі не үш деңгейлі жүйе. Мысалы бір бала тапсырмаларды оңай орындаса, оған қосымша тапсырма беруге болады. 

"Бала түсініп, шешетін минимум бар. Егер бәрін орындасаң, қосымша үш тапсырма. Ол 5 тапсырманы орындағандар бестік алып, 2 тапсырма орындағандарға екі деген сөз емес. Мүлде олай емес. Біз бала қандай сабаққа қызығатынын анықтаймыз", - дейді маман. 

Тағы бір әдісі - ата-ананың көмегі, ол ұйымдастыру немесе сыныпқа байланысты мәселе емес. Виктория Шиманская бұл әдіс орта мектепте оқитын балаларға жақсы көмектесетінін айтады. Ата-аналар кезекпен өзінің жұмысы туралы айтып бере алады. 

Оқушының ынтасын мини-топтарда жұмыс істеу әдісі де арттыра алады.  

"Осылайша ол топтарды қызығушылығына байланысты біріктіруге болады. Ол байланыс орнату, командалық топ пен тапсырма бөлісу секілді маңызды дағдыларды орындауына мүмкіндік береді. Мини-топтарда жұмыс істеуде жоғары және орта сынып оқушылары үшін өзара тексеріс жүргізу әсері бар. Яғни педагогке тексеруге берерден бұрын, олар бір-бірін тексереді", - дейді спикер. 

"Мотивация іштей жүргізіледі. Егер баланы кәмпит, пірәндікпен алдайтын болсақ, шынайы мотивация болмайды. Баланың қызығушылығына, оның дарынына назар аударуға көп уақыт кетеді", - дейді Виктория Шиманская. 

Бала математика мен информатикаға қатты қызығып, физика немесе химияны оқуға зауқы тимеуі мүмкін. Сарапшы баладан барлық сабақтан жақсы нәтиже көрсетуін үнемі талап ете бермеген дұрыс екенін айтады. Бала өзі қызығатын, дарыны бар салада дамығаны дұрыс.   

"Мәселені шешудің түрлі жолын іздеп үйренген дұрыс, ал интернет заманында кез келген уақытта білім алуға болады. Мәселені қалай жағ-жақты шешу керек? Егер мына жерде схема арқылы түсіндірсем? Ал мына жерін шеше аламын ба? Топта шеше аламын ба? Зерттеу жасаймын ба әлде талқылау бола ма?", - дейді маман. 

Тек білімді емес, сондай-ақ мәселеге жан-жақты қарай білетін адамның алдында ешқандай мәселе болмайды. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FMЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети