16 маусым 2017 | 14:24

Бала дінді өзі таңдаса жақсы болар еді - Ермекбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев кәмелет жасына толмаған балаларды дінге тарту мәселесіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев кәмелет жасына толмаған балаларды дінге тарту мәселесіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет балалардың тәрбиесіне араласпайды деген декларация шықсажәне бала белгілі бір жасқа келгенде дінге қатысты шешімді өзі қабылдаса жақсы болар еді", - деді Нұрлан Ермекбаев есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ, министр бүгінде мемлекеттің кәмелет жасына толмағандарды ата-анасының немесе оларды қамқорлыққа алған адамдардың рұқсатынсыз дінге тартқандарға жауап беретінін айтып өтті. Алайда, оның айтуынша, бұл норма жақында қатаңдатылады.

"Бүгінде ата-ананың бірінің рұқсаты керек. Қазір осы норманы қатаңдату туралы көптеген өтініштер мен хабарламалар келіп жатыр. Яғни, олар ата-ананың екеуінің де рұқсаты қажет болуын қалайды. Балалардың ата-анасы ажырасып кеткен жағдайлар болып, олардың бірі қандай да бір діни ұйымға тартылып жатады. Бала жол апатына түсіп, оған қан керек болған жағдайлар болды. Мысалы, сол кезде анасы қан құйдыртуға қарсы болды. Мұндай кезде ойланатын уақыт жоқ, адам өмірін құтқарып қалу керек. Сондықтан да осы норманы күшейту туралы ұсыныс айтылып отыр", - деді министр.

Кейінірек Нұрлан Ермекбаев кәмелетке толмағандарды дінге тарту мәселесіне қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ, ол мемлекеттің бұл процеске қатыспайтынын айтып өтті.

"Балаға кішкентай кезінен бастап белгілі бір дін туралы айтатын болса, ол қандай дін - бұл жерде маңызды емес, мемлекет оған ешқандай кедергі келтіре алмайды. Бұл бала тәрбиелеудегі қалыпты процесс. Ол, әрине, салт-дәстүрмен және дінмен байланысты. Бала белгілі бір жасқа келгенде оның өзінің танымы пайда болған соң ғана діни адам болғысы келе ме, жоқ па және қандай дінге қызығушылығы болады соны өзі шешуі керек деп отырғаным да осы", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети