12 наурыз 2021 | 17:28

Бала қатыгездігі. Оны қалай анықтап, не өзгерту керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала қатыгездігі деген не? Олай қалай байқала бастайды? Ата-аналар оның алдын ала ала ма? I-BALAQAI жобасында сарапшылар ойын бөлісті. Tengrinews.kz сұхбаттың мәтіндік нұсқасын дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

Бала қатыгездігі деген не? Олай қалай байқала бастайды? Ата-аналар оның алдын ала ала ма? I-BALAQAI жобасында сарапшылар ойын бөлісті. Tengrinews.kz сұхбаттың мәтіндік нұсқасын дайындады.

Жоба қонақтары - психология саласындағы сарапшылар Сергей Скляр, Ирина Млодик, Назгина Мирза және балалар құқығын қорғау саласындағы қоғам қайраткері Зарина Жұмағұлова.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.

Баланың өзін өзі ұстауы ата-ана үшін белгі беруі керек. Бала қатыгез көріністерге қалай әсер етеді? Бауырларына жанашырлық таныта ма? Бұл не деген сөз?

Сарапшылардың сөзінше, балалар психологтарға әртүрлі мәселе бойынша жүгінеді. Кейде олар ата-анасымен бірге келетін жайттар жиілеп кетеді. 

Балаларды оған не итермелейді?

"Ата-ана психологиялық механизм секілді баладан өзін көруді қорқады. Оны түсінбей жатады. Көбіне баладан агрессия көрмеген жағдайда, ол өзінен де агрессия көрмейді. Бар жақсылық анасы мен әкесінен, барлық жаман нәрсе - ата-анасынан", - дейді Сергей Скляр. 

Сарапшының сөзінше, бала - таза қағаз секілді, оны қоғам емес, ата-ана толтырады. 

Зарина Жұмағұлованың айтуынша, бала туралы сирек бөліседі. 

"Карантин кезінде, балалар үйде отырғанда олар стреске түсіп кетті. Олар бұл туралы айтпаса да мұны өздерін ұстауынан байқауға болады. Ал қазір онлайн форматта, мессенджерлер арқылы да. Балалар әртүрлі елде, қалада болуы мүмкін, бірақ ақпарат арқылы зорлық әрекеттерін көрсетіп жатады", - дейді ол. 

Сонымен қатар, спикерлер балалардың көшбасшылығы мәселесін талқылады. 

"Өкінішке қарай, біздің балалар өмір сүріп жатқан орта - үлкендердің өмірі. Барлық фильм, ойын және мультфильмді балалар құрастырмайды. Ал ересек өмір қатыгез. Балалар да өзін солай ұстайды. Егер бұрын агрессия өмір мен ресурстарға деген ұмтылыс ретінде түсіндірілсе, бүгінде бұл сізді байқауға деген ұмтылысты білдіреді. Сен осылай табысты боласың деген пікір қалыптасқан. Батыстан келген көшбасшылық бағдарламалар бойынша, сіз бірінші болу керексіз. Сәйкесінше, көшбасшылар неғұрлым көп болса, соғұрлым бұл көшбасшылық үшін күрес көп болады", - дейді Сергей. 

Зарина Жұмағұлованың сөзінше, әрбір ата-ана баласы көшбасшы болғанын қалайды. 

"Көшбасшылықтың жағымды қасиеті - жауапкершілікті сезіну. Бірақ балалар мұны "маған бағыну керек" деп түсінеді. Егер сіз позитив, дұрыс тұжырымдаманы енгізбесеңіз, онда бала көшбасшылықты экологиялық емес жолмен көрсете алады", - дейді ол.

Сонымен қатар, сарапшылар балалармен қарым-қатынасты дұрыс құру бойынша негізгі үшеуін бөліп, кеңестерін бөлісті:

  • Баламен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз;
  • Балаларға шынайы қызығушылық танытыңыз. Көбіне ата-аналар стандартты сұрақтар қойып, оларға бірдей жауаптар алады. Терең сұрақтар баланың рефлексиясына мүмкіндік береді;
  • Көңіл бөліңіз. Фокус қою маңызды.

Жүргізушінің "Заманауи баланы қалай тәрбиелеу керек?" деген сұрағына сарапшылар бірдей жауап берді. Олардың сөзінше, ата-ана үлгі көрсетуі керек.  

Психология саласындағы сарапшылар балалардың қатыгездігі туралы пікірлерін білдірді.

Психология ғылымдарының кандидаты, экзистенциалды психолог, гештальт-терапевт Ирина Млодик: "Сіз бұл ұғымдардың айырмашылығын түсінуіңіз керек. Агрессия - шекараны қорғауға тырысу. Бұл барлық адамға тән. Ал қатыгездік - отбасындағы немесе балалар ұжымындағы зорлық-зомбылықтың салдары. Ол балада жинала беріп, бірде ол шабуыл жасай бастайды", - дейді Ирина.

Өз кезегінде клиникалық психолог және нейропсихолог Назгина Мирза теріс эмоциялар - база екенін айтады. "Бала туған кезде оның негізгі эмоцияларының тізімінде: қорқыныш, ашу және жиіркеніш болады. Бұл эмоциялар аман қалуға көмектеседі. Одан әрі эмоцияны ата-аналар сіңіреді", - дейді ол.

Эфирдің толық нұсқасын I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады.

Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қолжетімді, SoundCloudAnchor.FM"Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети