11 сәуір 2021 | 17:59

Бала кірпіштің астында қалды: Павлодарда көлік жүргізушісі жеке үйге соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Павлодарда автокөлік үйге соғылып, балалар бөлмесіндегі қабырғаны сындырды. Салдарынан төсекте жатқан 4 жасар қыз кірпіштің астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда автокөлік үйге соғылып, балалар бөлмесіндегі қабырғаны сындырды. Салдарынан төсекте жатқан 4 жасар қыз кірпіштің астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үй иесі Марат Алимовтің сөзінше, оқиға 11 сәуірде кешкі уақытта болған. Көлік ернеуден өтіп, дуалды қиратып, үйдің шетіне соғылған. 

"Балалар бөлмесінде төрт жасар қызым мен бір жасар ұлым жатты. Қызымның төсегі қабырға жақта болған, көлік үйдің шетіне соғылып, кірпіштер қызымның үстіне құлады", - дейді үй иесі. 

Оқиға болғаннан кейін бірден жедел жәрдем шақырылды. 

"Шамамен түнгі 01.00-де хабар түсті. Хабарласқан адамның мәліметінше, автокөлік жеке үйге соғылған. Салдарынан төрт жасар бала мен 32 жастағы ер адам зардап шеккен. Төрт жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ер адам ауруханаға барудан бас тартты", - дейді Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметінің өкілдері. 

Полиция департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты. 

"11 сәуірде сағат 01.30-да ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі Гагарин көшесімен келе жатып Жүсіп көшесімен қиылыста Audi А6 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ол жеке үйге соғылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін Audi жүргізушісі мен екі балаға медициналық көмек қажет болды", - деді ПД өкілдері.  

Полиция мәліметінше, ВАЗ жүргізушісі жасырынып қалмақ болған. Алайда тәртіп сақшылары оны ұстады.  

"ВАЗ көлігі айып тұрағына апарылды. Бұл дерек тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети