27 наурыз 2017 | 12:56

Бала күтуші 2 жасар сәбиді Астанаға ұрлап алып әкеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бала күтуші екі жасар сәбиді ұрлап кеткен. Ол сәбиді Теміртаудан Астанаға алып кеткен. Абырой болғанда, полицейлер әйелді ұстай алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада бала күтуші екі жасар сәбиді ұрлап кеткен. Ол сәбиді Теміртаудан Астанаға алып кеткен. Абырой болғанда, полицейлер әйелді ұстай алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәбидің ұрланғаны жайлы Теміртаудың 22 жастағы тұрғыны хабарлаған. Ол екі жасар сәбиді бала күтуші әйелдің ұрлап кеткенін айтқан. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігі бойынша ("Адамды ұрлау") қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ІІД өкілдерінің жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті Астанада ұсталды. Күдікті сәбиді жақсы көргендіктен және сәбидің оны "мама" деп айтқаны үшін ана болып көргісі келгенін айтқан. Сондай-ақ, ұсталған әйел біраз уақыт өткен соң сәбиді анасына қайтармақ болғанын айтып берді.

"Қарағанды облысының полицейлері тұрғындарға балаларын қарауға бөтен адамдарды шақырған кезде абай болуға кеңес береді", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети