Бала өгей әкесімен тұратын барлық отбасы тексеріле ме? ІІМ жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала өгей әкесімен тұратын барлық отбасы тексеріле ме? ІІМ жауабы Freepik

ІІМ бала өгей әкесі немесе өгей шешесімен тұратын барлық қазақстандық отбасыны тексеру туралы ұсынысқа қатысты сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ бала өгей әкесі немесе өгей шешесімен тұратын барлық қазақстандық отбасыны тексеру туралы ұсынысқа қатысты сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында сұрақтарға жауап берген ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха былай деп түсіндірді: баланың өгей әкесінің тәрбиесінде болуы ешбір жағдайда заң бұзу болып саналмайды және тексеруге негіз болмайды.

"Тексеруге тек кәмелетке толмаған баланың кейбір құқықтары мен мүддесінің бұзылуы немесе қылмыстық немесе әкімшілік заңнаманың бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бала өгей әкесінің тәрбиесінде болғандықтан ғана тексере алмаймыз. Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес", - деп түсіндірді Лепеха.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети