Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ЖШС директоры мен балабақша қызметкерінің араласуымен өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде жымқыруға жол берген балабақша меңгерушілеріне қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, басшылар азық-түлік өнімдеріне жалған сұраныс беріп, сенімсіз нысанмен электрон шот-фактуралар, салыстыру есептерін жазып берген. Менеджерлер ақшаны ЖШС директорының есепшотына аударған.
"Осылайша, сотталушылар ЖШС директорының көмегімен өздеріне сеніп тапсырылған 35 миллион теңгеден астам ірі көлемдегі мүлікті ұрлаған", - делінген хабарламада.
Сотта прокурор айыптауды қолдады. Сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі кәмелетке толмаған балалары мен жасын ескере отырып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Нәтижесінде сот менеджерлерді үш жылға бас бостандығынан айырды. Олардың біреуі үшін жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы, сондай-ақ денсаулығына байланысты нақты жаза бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Дәл осындай жазаны балабақша қызметкері де алған. ЖШС директоры осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық үшін бұрын сотты болғаны ескеріліп, 4 жылға сотталды.
"Сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды", - деп толықтырды сот.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!