14 желтоқсан 2017 | 16:09

Балабақшаға кезек сейілмей, керісінше артуы мүмкін - Сағадиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobegazeti.kz © aktobegazeti.kz

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшаға кезектің неліктен жылжымауы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Миниистр eGov порталындағы "Ашық диалог" айдары қолданушысының сұрағына жауап берді. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балабақшаға кезектің неліктен жылжымауы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Миниистр eGov порталындағы "Ашық диалог" айдары қолданушысының сұрағына жауап берді. 

Әйел адам кезек пен бабаларды іріктеу процедурасы туралы сұрақ қойған. 

"Былтыр 14 қыркүйекте кезекке тұрғанбыз және ол тізімде 34-орында болдық. Балам 2015 жылыдың 18 қазанында дүниеге келген, екі жаста болса да балабақшаға бара алмай жүр. Биыл 6 желтоқсандағы кезекті қарасам, 33 болып тұрмыз. Сонда бір жылда бір ғана бала қабылданды ма? Кезек түсініксіз жүріп жатыр, бұлай біз балабақшаға барамыз ба, жоқ па? Сонды іріктеу қалай жүреді, ал 2018 жылы балабақшаға бара аламыз ба?", - деп жазыпты ол. 

Министр бұл сұраққа балабақшаға бірінші кезекте ата-анасының қамқорынсыз қалған, жетім, көп балалы отбасынан шыққан және білім талаптары өзгеше балалар орналастырылатынын айтты. Сонымен қатар, ҚР 52-бабының 3-тарауы бойынша, әскерилер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары балабақшаға кезексіз орналастырылатыны айтылды. 

"Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты кезек азаймай, керісінше арта беруі де мүмкін. Бұл туралы толық ақпарат алу үшін баланың құжатын алып, жергілікті білім басқармасына бару керек", - деп жауап берді министр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети