“Балабақшаға орналастырамын“: Астана тұрғыны ондаған ата-ананы алдап кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Балабақшаға орналастырамын“: Астана тұрғыны ондаған ата-ананы алдап кеткен Фото:depositphotos.com

Астаналық әйел 30-дан астам ата-ананы балабақшаға орналастырып беремін деп алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық әйел 30-дан астам ата-ананы балабақшаға орналастырып беремін деп алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, жергілікті тұрғын баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген ондаған ата-ананы алдап, олардың ақшасын иемденген.

"Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы "Пікірлер" бөлімінен тапқан, онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін "делдал" ретінде таныстырып, сыйақы үшін "Indigo24.kz" жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан", - делінген хабарламада.

Әйел қаражатты алған соң, жасырынған. 30-дан астам алаяқтық дерегі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеден асқаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

"Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды, қалған шығын одан өндірілді. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады".

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети