Балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды ©Medweb.ru

Павлодарда №30 балабақша тәрбиешісінің 26 жастағы көмекшісінен жабық формалы туберкулез анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда №30 балабақша тәрбиешісінің 26 жастағы көмекшісінен жабық формалы туберкулез анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалар бақшасы қызметкерлері жас әріптестерінде қауіпті жұқпалы ауру белгісі барын бірден байқаған. "Ол аурушаң көрінетін. Біз оны тексерілуге жібердік. Алдымен онкологияда, кейін тубдиспансерде тексерілді. Ол бізде өткен жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді, медициналық тексеруден тұрақты түрде өтіп тұрды. Өткен жылдың 5 қыркүйегінде берілген рентген түсірілімі болды, ол бойынша қызметкер сау болатын", - дейді балабақша қызметкерлері.

Қазір әйел туберкулезге қарсы облыстық диспансердің бастапқы аурулар бөліміне жатқызылған. Аймақтық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың мәліметінше, балабақшада науқаспен байланыста болған 90 адам анықталды, оның ішінде, 31 бала бар. Балалар клиникалық анализ тапсырып, рентгенографиядан өтіп жатыр. Мекеменің 59 қызметкері тексерілді. Ешқайсысынан ауру белгісі анықталған жоқ.

"Балабақша ғимараты туберкулезге қарсы түгел өңделді. Балалардың бәрі тексеруге жіберілді. Қазіргі уақытта туберкулез жұқтырған балалар анықталмады", - дейді Павлодар қалалық білім бөлімінің жетекшісі Зәуреш Мұқашева. Балабақша қызметкері туберкулезді күйеуінен жұқтыруы мүмкін. Әйелдің айтуынша, қазіргі уақытта күйеуі Алматыдағы тубдиспансерде емделіп жатыр. Биыл Павлодар облысындағы балабақшаларда барлығы төрт қызметкердің туберкулезбен ауыратыны мәлім болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети