Балабақшаға қабылданған уақытта екпе салуды міндеттеу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақшаға қабылданған уақытта екпе салуды міндеттеу ұсынылды © agushkin.ru

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев балабақшаға қабылдау кезінде міндетті екпе салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев балабақшаға қабылдау кезінде міндетті екпе салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде мынадай мәселе бар, діни көзқарастың салдарынан, білімсіздіктен, кей балаларға вакцина салынбайды. Сондықтан, менің ойымша, балабақшаға немесе мектепке барар уақытта міндетті түрде вакциналау қажет немесе сол туралы анықтаманы көрсетуі тиіс", - деді Бердібек Сапарбаев ҚР Үкіметінің отырысында.

Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екпе салдыруға қарсы гомеопаттарға сенбеуге шақырды. Вакцинация салмау - адамдарға инфекциялар көбейіп әр түрлі ауруларға тап болуы мүмкін. 

Сонымен қатар, Қазақстанда мектептегі балалардың кәсіби тексерістен өткенін қайта тексеретін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети