18 қыркүйек 2020 | 19:40

Балаға қалай спорт бапкерін таңдап, ынтасын сақтап қалу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының эфирінде "Алматы марафон" ұйымдастырушысы, Ironman Салтанат Қазыбаева баланың қалай спорттағы бағытын анықтап, спорттағы ынтасын сақтап қалу керегін айтты. Tengrinews.kz сұхбат үзінділерінің жазбаша нұсқасын дайындады.


i-balaqai жобасының эфирінде "Алматы марафон" ұйымдастырушысы, Ironman Салтанат Қазыбаева баланың қалай спорттағы бағытын анықтап, спорттағы ынтасын сақтап қалу керегін айтты. Tengrinews.kz сұхбат үзінділерінің жазбаша нұсқасын дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир әр бейсенбіде шығады.

Спорт секциясын қалай таңдау керек?

Салтанат Қазыбаеваның айтуынша, спортпен шұғылдануға бірінші серпін ата-ана беруі керек. Кейін бала өзінің қызығушылықтары, қажеттіліктері мен қабілеттеріне сүйене отырып, өз бетінше таңдай алады.

"Ол немен айналысқысы келетінін өзі таңдауы керек - командалық спорт түрлері, не жекпе-жек, ​​не циклдік спорт түрлері, - деген ол бұл бастама балаға жақсы мотивация болатынын атап өтті.

Алайда, ересектер жоғары білікті ғана емес, сонымен қатар өте дараланған бапкерді таңдау үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек:

"Бапкердің бала алдында беделі болуы керек. Оған зиян келтірмей, нақты шекараны білуі керек. Бұл дұрыс бағыттау және балаға дұрыс жүктеме беру үшін бапкердің жұмысына қатысты мәселе. Білікті бапкер білім, тәжірибе тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге энергетикасы да сәйкес келуі керек. Бапкер өте жоғары білікті маман болуы мүмкін, бірақ егер ол балаға сәйкес келмесе, онда ешқандай нәтиже болмайды. Шәкірті үшін жаттықтырушы беделді, соған қарап, үлгі алатын адам болуы керек. Бұл жеке қарым-қатынас мәселесі".

Сонымен қатар, осы маманмен бірге жаттығатын балалардың көрсеткіштеріне назар аударған жөн.

"Бірінші кезекте, баланы қабілеті бар нәрсеге бағыттау өте маңызды. Әрбір ата-ана өз баласының неге бейімді екенін біледі. Мен әр баланы кәсіпқой спортқа жіберіп, карьерасымен солай құрсын деп айтпаймын, бірақ бастапқы база болуы керек. Спорттық, көркем гимнастика, жүзу - бұл болашақта кез келген жағдайда спорттың барлық түріне негіз болатын спорттар", - деп кеңес береді ол.

Спортқа деген сүйіспеншілікті арттыруға көмектесетін келесі фактор - бұл ананың немесе әкенің жеке үлгісі.

Эфир қонағы спорт тәртіпке үйрететінін, сондықтан жаттығу кестесін сақтау керегін баса айтады.

"Дені саудың жаны сау" деген ұғым бар, сондықтан, менің ойымша, балалардың көздері жарқырап тұруы үшін спортқа деген сүйіспеншілікті ояту маңызды. Себебі спортпен айналысатын балалар мүлдем басқа адам болып өседі".

Қазақстандықтар белгілі бір спорт түріне бейімін анықтау үшін генетикалық тестілеу қызметін пайдалана алады. Салтанат Қазыбаева қабілетті бұлшықет талшықтарының құрылымымен тануға болатынын атап өтті.

Спорттық мотивация

"Әр адам мотивация жоғалтып алуы мүмкін, бір жерде еріншектік пайда болады және басқа да факторлар болады. Балаларға келетін болсақ, мұнда бапкердің жұмысы маңызды, ол дұрыс тәсіл табуы керек, бір жерде кеңес айту керек, бір жерде мақтау керек, сол кезде балада спортпен бекер айналыспай жүрмін деген ой ұзаққа сақталады", - деп кеңес берді Қазыбаева.

Спорт өмірлік мақсаттарға жетуге көмектеседі, өйткені спорт тәртіпке үйретеді, дейді ол:

"Спорттағы кейбір шыңдарға жету арқылы адам алдына қойған өмірлік мақсаттарына ауысуы мүмкін".

Балалары спортпен айналысатын ата-аналарға кеңестер: балаларды, олардың тілектерін тыңдау; қиын сәтте қолдау мен мақтау; жарыстарына бару; жеңілісте де ынталандыру.

Балалар секциясын таңдау кезіндегі кеңестер: баланың қажеттіліктеріне, тілектеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне назар аудару; бапкер мен оның шәкірттерінің нәтижелеріне қарау; жаттығуларға бару.

Екі мәрте Ironmon атанған бойжеткен триатлонмен айналысқысы келетіндерге де кеңесін айтты. Бапкер жүзу, веложарыс пен жүгіру жүктемесін бақылайтын триатлоншы болғаны жөн.

"Егер біз бапкерлерді әр спорт түріне бөлсек, онда әрқайсы жүктемені арта береді. Баланың жаттығуға баруға деген ынтасы жоғалады. Тепе-теңдік болуы керек. Бапкер таңертең шомылу, кешке жеңіл жаттығумен жүгіру деп бөлуі керек. Триатлоннан жаттығу процесінің барлық қағидасы күн сайын екі жаттығу болса, онда таңертең негізгі, кешке жеңіл жаттығу деп бөлінеді", - деді ол.

Видео-сұхбатты Tengri TV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети