Әлеуметтік желілерде бейтаныс әйелдің кішкентай балаға ұрысып, оны ұрған видео тараған болатын. Сонда желі қолданушылары кадрлар Ақтауда түсірілді деген болжам айтқан. Бұл ақпарат расталмады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындары арасында тараған ролик Маңғыстау облысында түсірілмеген болып шықты. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаның Камчаткада болғанын жазып жатыр.
"Кам 24" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ролик осы жылдың көктем-жазында түсірілген. Бала өзінің 39 жастағы ағасының пәтерінде, Елизово қаласында тұрған. Ағасы баланың ресми қамқоршысы, десе де ол жеткіншекке үнемі қол көтереді екен. Қазіргі таңда ол - кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны және жәбірлегені үшін қозғалған қылмыстық істің фигуранты. Роликтегі әйелге қатысты материалдар полицияда. Қазір бала уақытша отбасының үйінде тұрып жатыр.