Жамбыл облысының әкімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеп, балалармен жан-жақты жұмыс жүргізуді қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы Ербол Қарашөкеев «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында өткен педагогтердің дәстүрлі тамыз кеңесінде айтты.
Жамбыл облысының әкімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеп, балалармен жан-жақты жұмыс жүргізуді қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы Ербол Қарашөкеев «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында өткен педагогтердің дәстүрлі тамыз кеңесінде айтты.
Биыл облыстағы білім беру нысандарының қауіпсіздігіне 1,4 миллиард теңге бөлінді.
Барлық білім ұялары 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылды. Қазіргі таңда аналогтық бейнекамераларды цифрлық бейнекамераға ауыстыру жұмыстары қатар жүруде.
594 білім беру ұйымының 68,4 пайызы интеграцияланған, 80,5 пайызы дабыл түймесімен жабдықталған. Бұдан бөлек, 75,5 пайызы мамандандырылған күзет және турникетпен қамтамасыз етілген.
Ербол Қарашөкеев білім басқармасына аталған жұмыстарды жалғастырып, кезең-кезеңімен аяқтауды ескертті.
Айта кетейік, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс биылғы оқу жылында өткен жылмен салыстырғанда 18,2 пайызға төмендеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 93 мобильді топ құрылған.
Жаңа оқу жылында кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға мақсатында пилоттық жобалар сынақтан өткізіледі.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты мәселелер, шағымдар мен ұсыныстар болған жағдайда байланыс орнатуға мүмкіндік беретін «Jambyl-109» сенім телефоны барлық мектептерге орнатылды.
Білім басқармасына қарасты психологиялық қолдау орталығында оқушылар мен олардың ата-аналарына, ұстаздарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетіледі.
- Балаға сапалы білім, мықты тәрбие беру негізгі ұстанымға айналуы тиіс. Бұл тұрғыда ата-ана мен педагог қауымға артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр.
Ұрпақ тәрбиесі тек ұстаздың ғана емес, баршамыздың парызымыз! Тәрбие сапалы болуы үшін балаға мектептің, ата-ана мен қоғамның жан-жақты қамқорлығы қажет.
Жақсы ұстаз, білікті мектеп басшысы ең бірінші баланы намысты, рухы жоғары, елі мен жерінің патриоты етіп тәрбиелеуге күш салуы керек.
Отбасынан басталатын тәрбие жақсы ұстаздан, тәрбие ошағы - мектептен жалғасын табуы тиіс. Бала тәрбиесі – баршаға ортақ болғандықтан, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз, – деді облыс әкімі.
Ербол Қарашөкеев полиция қызметі, психологтер, мектеп ұжымы мен ауыл әкімдерінің алдына бірқатар міндеттер қойып, балалармен жан-жақты жұмыс жүргізуді қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!