Балалар қайда ойнап жүргенін қараңыздар, қазір бұл қалыпты ма? - Смайылов құрылыстар туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар қайда ойнап жүргенін қараңыздар, қазір бұл қалыпты ма? - Смайылов құрылыстар туралы Көрнекі сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерге мемлекет ақшасына салынған барлық тұрғын үйлерді жедел тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерге мемлекет ақшасына салынған барлық тұрғын үйлерді жедел тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған үйлер мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Мемлекет тұрғын үй құрылысына қомақты қаржы бөледі. Бірақ мына аулалардың суретін көрсетіңізші. Мұндай үйлер салынған аймақтарды атамаймын. Бір нәрсені нақты айта аламын: барлық жерде шамамен осындай жағдай. Балалар қайда ойнап жүргенін қараңыздар, абаттандыру, жолдарды қараңыз. Қазір бұл қалыпты ма?", - деді Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет отырысында көрсетілген суреттер

Смайылов әкімдерге бюджет қаражатына салынған үйлерді қайта қарап, барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды. "Мұны тез арада жасау керек", - деді Премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети