"Балалар оқуын тастап жатыр" - Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Балалар оқуын тастап жатыр" - Тоқаев Үкіметке тапсырма берді Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқуын тастап кететін балалар мәселесі туралы айтты. Ол үкіметке бұл мәселені шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқуын тастап кететін балалар мәселесі туралы айтты. Ол үкіметке бұл мәселені шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы бір мәселе туындады, бұны "қиындық" десе де болады. Балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Себебі оның қажеттілігін көрмейді. Мен Үкіметке бұл мәселені байыпты түрде шешуді тапсырамын. Әсіресе, қашықтан оқыту форматына арналған ақпараттық жүйелер сапасын арттыру арқылы. Білім беру қолжетімді және инклюзив болуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жағымды жаңалықтар да бар.

"Биыл бірнеше қазақстандық мектеп оқушылары бірден халықаралық турнир олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Мұндай дарынды балаларға қолдау қажет. Біз оларға жоғары оқу орындарына конкурстан тыс негізде оқуға түсу үшін гранттар береміз, бір жолғы төлем тағайындаймыз. Балаларды тәрбиелеген мұғалімдерді моральдық және материалдық жағынан ынталандыру керек", - деді ол.

Тоқаев жалпыға бірдей білім беру шеңберінде әлеуметтік осал отбасындағы балаларды қолдау маңызды екенін айтты. Материалдық қолдау шаралары "Цифрлық мұғалім" білім беру жобасымен толықтырылуы тиіс.

"Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Менің ойымша, мұғалімдерді қайта даярлау қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізілуі керек", - деп қосты ол.

Жолдауды тікелей эфирден мына жерден қарай аласыз.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети