Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желілерінде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйіндегі жанжалға қатысты жағдайға байланысты пікірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін балалар үйінің емес, ЦАН-да тұрып жатқан балалар көшірілді. ЦАН-да өмірлік қиын жағдайға тап болған және облыстың әртүрлі бөліктерінен келген балалар уақытша тұрады. Көктемде балалар мен әкімдік арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша, ЦАН-да тұрып жатқан балалар мен мекеменің өзі көшетіні шешілген болатын, бұл ақпаратты мен көктемде жариялағанмын. Кеше бұл туралы облыстық білім басқармасының ресми парақшасында әкімдік хабарлады", - деп жазды Зәкиева.
Алайда, оның айтуынша, Алматы облысының әкімдігі ЦАН-да тұратын балалардың көшуі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан бүгін жол берілмейтін жағдай болды: балалар үйінің түлегі қыз есінен танып қалды, бір баланың аяғы жарақаттанды.
"Осы жағдай бойынша, балалардан келген хабарламадан кейін соңғы апта ішінде бірнеше рет әкімдікке жүгіндім. Алайда жергілікті атқарушы орган хабардар етпей, келісілмеген әрекеттерді жүзеге асырды".
Ол барлық жағдай бойынша Президент Әкімшілігі тексеру жүргізетінін, арнайы топ құрылатынын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!