20 қараша 2023 | 14:33

Балалар омбудсмені Екібастұздағы 7 жасар қыздың өлімінен кейін үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Павлодар облысы ПД Фото: Павлодар облысы ПД

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімінен кейін мәлімдеме жасады. Баланың өліміне күдікті ретінде анасы мен оның танысы ұсталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімінен кейін мәлімдеме жасады. Баланың өліміне күдікті ретінде анасы мен оның танысы ұсталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зәкиеваның айтуынша, биылдың өзінде елімізде 25 бала қаза болған, оның алтауы жақын адамдарының қолынан.

"Бүгін қайтыс болған жеті жасар қыз табылды. Қылмысқа күдікті - баланың анасы, алдын ала мәліметтер бойынша, мойындаған. Осы отбасының басқа балалары балаларды қолдау орталығына орналастырылады", - деп жазды Закиева Instagram-да.

Оның айтуынша, мұндай қорқынышты салдар алдында көбінесе қиын жағдай, есепке алу, алкоголь, ұрып-соғуға байланысты бірқатар оқиға болады.

"Тергеу іс-шараларының 70 пайызында біреу міндетті түрде бірдеңе көргені және білгені, бірақ хабарламағаны, араласқысы келмегені, қорқатыны және т.б. анықталады. Мұндай қорқынышты салдардың, зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы - біз бен сіздің араласуымыз.

Егер балаларға қауіп төндіретін жағдайды көрсеңіз, естіген болсаңыз, 111 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Әрине, ақпарат тексеріледі, бірақ егер қорқыныш расталса, онда біреудің өмірін сақтай аласыз", - деді Закиева.

Оның айтуынша, екіншіден, Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп әзірленген балалар қауіпсіздігі туралы заң жобасында қарастырылған заңнамалық өзгерістер өте маңызды.

Сонымен қатар, балалар омбудсмені кадрлардың жетіспеушілігі туралы мәлімдеді.

"Заңдарды қабылдау арқылы олардың орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазір 6,8 миллион балаға барлығы 303 қамқоршы қызметкер, яғни бір қызметкерге 22 мың бала келеді. 5 мың балаға 1 қызметкер қажет", - деді Закиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети