Балалар орталығының қызметкері ата-аналар берген миллиондарды жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар орталығының қызметкері ата-аналар берген миллиондарды жымқырған Фото ©️ Турар Казангапов

Қостанай облысының прокуратурасы балаларға жолдама беру туралы қылмыстық істің тергеуін аяқтады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының прокуратурасы балаларға жолдама беру туралы қылмыстық істің тергеуін аяқтады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рудный қаласының прокуратурасымен "Рудный қаласының білім бөлімінің" Балалар тәрбие-сауықтыру кешені" КМҚК қызметін тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау дерегі анықталған.

"Осы факт бойынша арнайы прокурорлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізді, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету.

Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдар кезеңінде балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып алғаны үшін азаматтардан алынған 18 миллион теңгеден астам ақшалай қаражат иемденгені анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта соталды тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети