Балалар үйінде бір-бірінен ажырап қалған апалы-сіңлі араға 15 жыл салып кездесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Аstanatv.kz Фото: Аstanatv.kz

Өскемендегі түзеу мекемелерінің бірінде әсерлі кездесу болды. 15 жылдан кейін балалар үйінде бір-бірінен ажырап қалған апалы-сіңлілі кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өскемендегі түзеу мекемелерінің бірінде әсерлі кездесу болды. 15 жылдан кейін балалар үйінде бір-бірінен ажырап қалған апалы-сіңлілі кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Апалы-сіңлілі әртүрлі мекемеде тәрбиеленген. Кейін кенжесі – Анна Алматыға оқуға кетіп, сонда қалған. Қыз туыстарын табуға бірнеше рет әрекет жасағанымен, нәтиже болмағанын айтады. Үлкен әпкесі Екатерина Өскеменде жаза мерзімін өтеп жатқанын білген ол бірден кездесуге рұқсат алған. Апалы-сіңлілі бір-бірін соңғы рет Анна 7 жаста болған кезде көрген.

"Мен іздеп көрдім, бірақ "сені іздемейді, сен оларды неге іздейсің" деп айтты. Осы уақытқа дейін үмітімді үзіп жүрдім. Олардың өз отбасылары бар, менсіз де жақсы. Бірақ бір күні міне, осылай болды", – дейді Алматы қаласының тұрғыны Анна Писегова.

30 жастағы Катя да іздестіріп көргенін, бірақ нәтиже болмағанын айтты. Содан кейін ол алты жыл түрмеде отырған. Ол озбыр күйеуінен қорғанамын деп, оны пышақпен жаралаған. Колония қызметкерлері әйелге туыстарын іздеуге көмектесті.

"Мен мұндайды мүлде күткен жоқпын. Ең керемет күн, енді есте қалатын шығар. Бұрын не болғанын, ата-ана туралы да көп нәрсе айтуымыз керек. Ата-ананы да кінәлауға болмайды", - дейді сотталған Екатерина Писегова.

Катя мен Ленаның тағы бір кіші сіңлісі бар. Ол 18 жаста, Риддерде тұрады. Бірақ ол денсаулығына байланысты бұл кездесуге келе алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer