05 ақпан 2014 09:13

Балалар үйінің тәрбиеленушісі терезеден секірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласындағы №1 интернат-үй. ©24.kz Қызылорда қаласындағы №1 интернат-үй. ©24.kz

Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушісі екінші қабаттағы терезеден секіріп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz 24 KZ телеарнасына сілтеме жасап. Қыз бала аяғын сындырып алып, ауруханаға жатқызылды. Жасөспірімнің айтуынша, ол мұндай қадамға ашу-ызадан барған. "Таныстарым кешкі отырыс ұйымдастырды. Менің барғым келді. Сұранып едім, маған "сен жаңадан келдің, сондықтан әзірше кешкісін ешқайда шыға алмайсың" деді. Мен ашуланып, екінші қабаттан секіріп кеттім", - дейді зардап шегуші. Мекеме басшыларының айтуынша, бұл қыз балалар үйіне жақында келген. Әзірше ішкі тәртіпке үйренісе алмай жатыр. "Біз оның әжесін іздеп таптық. Ол демалыс күндері әжесіне қонаққа бара алады. Биыл оқуға түсуді ойлап отыр. Біз оған да көмектесіп жатырмыз", - дейді №1 интернат-үй директорының міндетін атқарушы Марат Жүсіпәлиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети