Түркістан облысының полицейлері балаларға қабығымен қарбыз жегізген ер адамды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысының полицейлері балаларға қабығымен қарбыз жегізген ер адамды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны болып шыққан.
Полиция мәліметінше, ер адам бұл видеоны 2019 жылдың тамызында түсірген, бірақ қазір ғана оқиға қоғам талқысына түскен. Оқиға туралы балалардың ата-аналары да білмеген, қазір олар тәртіп сақшыларының бөлімінде.
"Ер адам кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ер адамды жауапқа тарту үшін полицияға арыз жазбақ", - деді Түркістан облысының полиция департаменті өкілі.
Еске салайық, белгісіз ер адам екі баланы қабығымен қарбыз жеуге мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарап, қолдаланушылардың наразылығын туғызған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!